jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Көлік министрлігі Қазақстанда ұшақтар неге жиі бұзылып жатқанын түсіндірді

    Әуеде ұшып бара жатқан ұшақ
    Ұшақ. Фото: pixabay.com

    Көлік вице-министрі Талғат Ластаев соңғы кездерде ұшақтардың неге жиі бұзылып жатқанын түсіндірді. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Мұны әуекомпаниялары мен әуежайлар арасындағы текетірес ретінде көрсетудің қажеті жоқ. Бәріміз бір жұмысты атқарып жүрміз. Иә, мұндай фактілер бар, өйткені ұшу қарқыны жиілеп келеді. Жыл сайын бізде жолаушылар тасымалы нарығында өсім 20-25 пайызға тең. Тиісінше, оқыс оқиғалар да көбейеді", - деді вице-министр Ластаев.

    Спикер әр жағдай тексеріліп, жауаптылар анықталып, мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін шаралар қабылданып, қызметкерлерге оқыту жүргізіліп жатқанын баса айтты.

    "Иә, тамыз айында тосын жайттар өте көп болды – бұршақ жауып, бес ұшақ зақымдалды, түрлі әуекомпаниялардың екі-үш ұшағы техникалық себептен, дауыл кезінде бір ұшақ контейнерден бүлінді.

    Әртүрлі себеп болуы мүмкін. Алайда бұл жағдайлар тамызда, яғни тасымалдаудың ең қызған шағында болып отыр. Мұндай жағдай қайталанбауы үшін оқиғалардың әрқайсысына тергеу жүргізіп жатырмыз", - деп сендірді Талғат Ластаев.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.