jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда АЭС қанша уақыт салынуы мүмкін: министр жауап берді

    Атом электр станциясы
    Атом электр станциясы. Көрнекі фото: John Harper / Getty Images

    Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бүгін министрлер кабинетінің кулуарында Қазақстанда атом электр станциясы қашан салынып бітуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алмасадам Сәтқалиев атом станциясы шығынының өтелу мерзімі тарифтерге байланысты екенін айтты.

    "Бүгін мемлекет басшысы тарифтердің әлеуметтік жауаптылығы туралы нақты белгі қойды. Тариф неғұрлым аз болса, өтелу мерзімі соғұрлым ұзақ болады. Жалпы энергетикалық жобалардың бәрі энергияны қажет етеді. Бұл атом электр станциясына ғана емес, жалпы көмір станцияларының құрылысына да қатысты. Бастапқыда кем дегенде 10-15 жыл осы жобалардың қаржылық моделіне салынады", - деді ол.

    Сәтқалиев бұл мәселе АЭС-ті де айналып өтпейтінін мәлімдеді.

    "Тариф вендерді таңдау туралы түпкілікті шешімге байланысты болады. Барлық вендердің бағасы әртүрлі. Яғни, әрі қарай есептеулер жүргізіледі. Әр вендер бойынша есептеулер жасалады.

    Менің ойымша, бәріміз станция 10-12 жылдан кейін аяқталатынын түсінуіміз керек. Инфляцияны ескере отырып, тарифті болжау үшін қосымша есептеулер қажет. Станция бойынша шешім қабылдау сатысында осы есептеулер жүргізіледі", - деп атап өтті ведомство басшысы.

    Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына жолдауында атом электр станциясын салу бойынша Жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтетінін хабарлады.

    "Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр.

    Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін. Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын", - деді президент кезекті жолдауында.

    Қазақстанда АЭС қанша уақыт салынуы мүмкін: министр жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.