jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Солтүстік Қазақстанда бірнеше ауыл таратылады: әкімдіктегілер себебін түсіндірді

    ауыл
    Ауыл көрінісі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев бүгінгі жиында өңірдегі бірнеше ауыл таратылатынын айтты. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Биыл 59 ауылда 77 жобаны жүзеге асыруға 14 млрд теңгеге жуық қаражат, оның ішінде шекарадағы 15 ауылға 27 жобаны жүзеге асыру үшін 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді . Жобаны іске асыру 160 мыңнан астам ауыл тұрғынын және 1,1 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. 2027 жылға дейін жыл сайын кемінде 50 ауылды модернизациялау жоспарланып отыр", - деді әкімнің орынбасары Қанат Дүзелбаев.

    Бұл ретте ол кейбір әкімшілік бірліктер "ауыл" санатына сәйкес келмейтінін айтты.

    "Әкімшілік-аумақтық құрылымды реттейтін заңнамаға сәйкес ауыл санатына халқының саны 50 адамнан кем емес елді мекендер кіреді.

    Ал облыста 50 адамнан аз тұрғыны бар 141 ауыл бар, оның ішінде 10 адамнан аз 45 ауыл, халқы жоқ 7 ауыл, олар сәйкесінше таратылуға жатады. Бүгінгі таңда бұл ауылдарды тарату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, бұл басқару сапасын жақсартуға және бюджет қаражатын болашағы бар елді мекендерге шоғырландыруға септігін тигізеді", - деп түсіндірді Қанат Дүзелбаев.

    Еске салайық, жақында Бас прокуратура Қазақстанның оңтүстігінен солтүстік өңірлеріне азаматтарды өз еркімен көшіру бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына жасалған талдау туралы хабарлаған болатын.

    Солтүстік Қазақстанда бірнеше ауыл таратылады: әкімдіктегілер себебін түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.