jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шымкентте әлеуметтік маңызы бар кейбір азық-түлік тауары арзандады

    Азық-түлік дүкені
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкентте жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар 10 азық-түлік тауары арзандады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Сауда комитетінің мәліметінше, 1 сорттағы бидай ұны 7,1 %-ға, қарақұмық жармасы 32,7%-ға , сары май 6,9%-ға, айран 8,6%-ға, сәбіз 7,6%-ға, пияз 4,5%-ға, қырыққабат 26%-ға арзандаған. Бағасы түскен тауарлар ішінде қант, күнбағыс майы мен сүзбе де бар.

    Жыл басынан бері Шымкент қаласы бойынша көшпелі мониторинг жүргізетін азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссия электронды шот фактура бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Комиссия барлығы 766 ЭШФ бойынша электрондық шот-фактураларды түсіріп, талдау жүргізді.

    Өңірлік комиссия жұмысының нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап департамент Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабына сәйкес 425 сауда субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 117 кәсіпкер күнбағыс майының, 57 кәсіпкер қанттың, 55 кәсіпкер қарақұмық жармасының бағасына сауда үстемесін 15 пайыздан арттырған.

    670 сауда субъектісіне  сауда үстемелерін және анықталған делдалдық схемаларды асыра бағалау фактілері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Департамент мамандары мен өңірлік комиссия мүшелері ӘМАТ тауарларын делдалдарсыз, тікелей өндірушілер мен тікелей жеткізушілерден сатып алу туралы ұсынымдар берді. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша 164 өнімсіз делдал жойылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.