jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада туристік аудан құру ұсынылды

    Елорда
    Астана қаласы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Астанада арнайы экономикалық аймақтың аумағын кеңейтіп, туристік аудан құру ұсынылып отыр. Тиісті құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арнайы экономикалық аймақтар мәселелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізетін үкімет қаулысын әзірледі. Қаулы жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

    "Жоба Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярдың инвестициялар тарту жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша әзірленді және туризм саласына инвестициялар тарту арқылы Астана қаласын жедел дамыту мақсатында Көпфункционалды туристік аудан құрылысы шеңберінде "Астана – Технополис" арнайы экономикалық аймағының аумағын кеңейтуді көздейді", - делінген құжатта.

    Айта кетерлігі, қазір арнайы экномикалық аймақтың жалпы аумағы 688,6 гектарға тең. Енді оны құрамына ауданы 157,585 гектар болатын "Көпфункционалды туристік аудан" субаймағын қосу арқылы 846,185 гектарға кеңейту ұсынылып отыр.

    Құжат 12 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

    Астанада туристік аудан құру ұсынылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.