jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Екі компания мен 10 қабатты ғимарат: Алматы мен Астанадағы миллиардтаған теңгенің активтері аукционға шығарылады

    Биік ғимарат
    Биік ғимарат. Көрнекі фото: pixabay.com

    Мемлекетке қайтарылған активтер бойынша қарашада аукцион өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияға сілтеме жасап хабарлайды.

    Компанияның ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Астанадағы мына активтер аукционға шығарылады:

    • тұрғын емес үй-жай (120,8 ш.м) – Нұра ауданы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 17, 6. Бағалау құны – 84 444 497 теңге (+12% ҚҚС);
    • тұрғын емес үй-жай (175,0 ш.м) – Нұра ауданы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 17, 7. Бағалау құны – 115 748 494 теңге (+12% ҚҚС);
    • тұрғын емес үй-жай (121,0 ш.м) – Нұра ауданы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 17, 8. Бағалау құны – 84 584 305 теңге (+12% ҚҚС);
    • тұрғын емес үй-жай (176,1 ш.м) – Нұра ауданы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 17, 9. Бағалау құны – 116 476 056 теңге (+12% ҚҚС).

    Алматы қаласы бойынша:

    • 226,9192 га жер телімі, кадастрлық нөмірі – 20:322:041:052. Наурызбай ауданы, Байтақ ықшам ауданы, уч. 1287B. Бағалау құны – 1 832 264 555 теңге;
    • "Көктем-2" ықшам ауданы, 2-үй мекенжайында орналасқан жертөлесі бар 10 қабатты кеңсе ғимараты. Бағалау құны – 4 377 184 000 теңге (+12% ҚҚС);
    • Байтұрсынұлы көшесі, 104А мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимарат: Бағалау құны – 1 822 991 453 теңге (+12% ҚҚС).

    Сауда-саттық күні: 22 қараша сағат 10:00.

    Сонымен қатар Алматыда 26 қарашада сағат 10:00-де екі актив бойынша сауда-саттық өтеді:

    • "Zharkent Su" ЖШС (Түрксіб ауданы) – суды жинау және таратушы кәсіпорын. Бағалау құны – 593 139 151 теңге;
    • "Тұлпар" ЖШС (Әуезов ауданы) – жылу энергиясын өндіретін кәсіпорын. Бағалау құны – 991 469 139 теңге.

    Аукционға қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарнаны төлеп, белгіленген мерзімде өтінімді тапсыру қажет. Аукцион онлайн режимде өтеді.

    Еске салайық, 2023 жылғы 12 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы" заңға қол қойған болатын.

    Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов Активтерді қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізіп, мемлекет крісіне 525 миллиард теңге аударылғанын мәлімдеді.

    Екі компания мен 10 қабатты ғимарат: Алматы мен Астанадағы миллиардтаған теңгенің активтері аукционға шығарылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram