jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Елімізде жылқы шаруашылығы институты қашан іске қосылатыны белгілі болды

    жылқы
    Жылқылар. Фото: pexels.com

    Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Ақтөбе филиалы базасында Жылқы шаруашылығы институты 2025 жылы іске қосылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметке сілтеме жасап хабарлайды.

    Үкімет отырысында Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін аграрлық ғылымды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

    Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде үкімет шаралар кешенін іске асыруда. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Ақтөбе филиалы базасында Жылқы шаруашылығы институты құрылып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі алдына Институттың биыл толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті рәсімдердің барлығын осы жылдың соңына дейін аяқтау міндеті қойылды.

    Инновациялық технологияларды енгізу және агроөнеркәсіптік секторды қарқынды дамыту үшін әлемдік тәжірибені қолдануға ерекше назар аударылады.

    "Мемлекет басшысы 2028 жылы отандық тұқым қорының көлемін 80 пайызға, оның ішінде элиталық тұқым көлемін кемінде 15 пайызға дейін жеткізуді тапсырды. Бізде әлеует жеткілікті. Ғылыми институттар қазірдің өзінде астықтың өнімділігін арттыратын тұқым сорттарын шығарып жатыр. Біз үздік әлемдік практикаларды қолдана отырып, агрономия ғылымын одан әрі дамытатын боламыз. Ауыл шаруашылығы және Ғылым және жоғары білім министрліктері аталған мәселе бойынша жүйелі шешімдер дайындауы керек", - деді үкімет басшысы.

    Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында үкіметке жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырған болатын.

    Елімізде жылқы шаруашылығы институты қашан іске қосылатыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.