"Сома бізді сынға алатындай көп емес": министр Байбазаров Қошановтың сынына жауап берді
Жарияланған күні:

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Нұрлан Байбазаров мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың бюджетке жиі енгізілетін өзгерістерге қатысты сынына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Бюджеттің шығысы биыл 24 трлн теңгені құрайды, біз тек 375 млрд теңгені түзеттік. Бұл, біріншіден. Екіншіден, бюджетті түзету үкіметтің құзіретіне жатады, яғни бұл біздің күнделікті жұмысымыз, әсіресе су тасқыны кезеңінде мемлекет басшысының бізге бірінші кезекте қажет емес шығындарды қысқарту қажеттілігі туралы тапсырмалары болды. Біз бұл жұмысты атқардық", - деді министр.
Байбазаров су тасқынының салдарын жоюға 56 миллиард теңгеден астам, коммуналдық саланы жаңғыртуға 80 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінгенін, сонымен қатар "Наурыз" ипотекалық бағдарламасы іске қосылып, агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру ұлғайғанын атап өтті.
"Менің ойымша, жыл бойы біз көптеген мәселені (қаражатты – ред. ескертпесі) қайта топтастыру есебінен шештік. Ал 24 трлн теңгенің жанында 375 млрд теңге бізді қатты сынға алатындай соншалықты көп емес", - деді Байбазаров.
Айта кетсек, бүгін мәжілісте "2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың заң жобасы бойынша баяндамасы мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың сынына ілікті.
Бүгін мәжілісте "2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың заң жобасы бойынша баяндамасы мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың сынына ілікті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2193285-soma-bizdi-synga-alatyndai-kop-emes-ministr-baibazarov-qoshanovtyng-synyna-zhauap-berdi/