Қаржы

Зектілері

"Жалақыны 20 пайызға көтеру мүмкіндігі туады": Кентау экологиялық апат аймағы деп танылды

Жарияланған күні:

Кентау
Кентау қаласы. Видеодан кадр: 24.kz

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды брифинг барысында арнайы комиссия Кентау қаласын экологиялық апат аймағы ретінде танығанын мәлімдеді. Енді қала тұрғындарының жалақысына 20 пайыз үстемақы қосылуы тиіс, оған 6 млрд теңге қажет. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласын экологиялық апат аймағына жатқызу мәселесі ондаған жылдар бойы, яғни 2000 жылдардан бері көтеріліп келе жатқанын атап өтті.

"Шардара, Арыс, Отырар, Сауран аудандарының бір бөлігі мен Түркістан апатты жағдайдағы Арал өңіріне жақын маңда орналасқан. Сондықтан олар экологиялық аймаққа жатады. Мәселе Сауран аймағының Кентаумен шектесетінінде болып тұр. Сол жердің жартысы экологиялық апат аймағында орналасқан, ал қалғаны оған кірмейді. Осыған сәйкес оң жақтағы тұрғындар Кентау қаласын Арал өңірінің экологиялық апат аймағына жатқызатын нормативтік құжат қабылдау мәселесін көтеріп отыр. Бұл бізге не береді? Жалақыны 20 пайызға көтеру мүмкіндігі туады", - деп түсіндірді әкім.

Денсаулық сақтау министрлігі мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі зерттеу жүргізіп, қазіргі экологиялық жағдайдың шынымен де Кентау тұрғындарына әсері барын мойындады.

"Қаланы осы экологиялық аймаққа жатқызуға болады деп шешілді. Сайып келгенде, қосымша 6 миллиард теңге қажет. Біз қазір бұл қаржының қандай көздерден түсетіні туралы ұсынысты қарастырып жатырмыз, бәлкім республикалық бюджеттен не жергілікті бюджеттен алармыз", - деді Сатыбалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2193819-zhalaqyny-20-paiyzga-koteru-mumkindigi-tuady-kentau-ekologiialyq-apat-aimagy-dep-tanyldy/