Қаржы

Зектілері

Атырау облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1,7 трлн теңгеге жетті

Жарияланған күні:

Серік Шәпкенов
Серік Шәпкенов. Фото: Атырау облысы әкімдігі

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлім етті.

Өңір басшысының айтуынша, Атырау облысы республика бойынша инвестиция тартудан көш бастап тұр.

"Тұтастай алғанда, елімізге тартылған инвестицияның 13 пайызы Атырау облысына тиесілі. Ал биыл 6 айда шетелдік тікелей инвестиция 1,1 млрд АҚШ долларына тең болды. Баршыңызға белгілі Теңіз кен орнында "Келешек кеңею" жобасы аяқталуда. Осы жоба аясында өңірге биыл 840 млрд теңге инвестиция құйылды. Дегенмен аймақта өзге салаларды дамытуға бағытталған инвестиция көлемі жыл сайын артып келеді", - деді С.Шәпкенов.

Серік Шәпкенов
Серік Шәпкенов. Фото: Атырау облысы әкімдігі

Жыл басынан бері Атырауда жалпы құны 46,1 миллиардтан асатын 8 инвестициялық жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 24,2 млрд теңге болатын 9 инвестициялық жоба жұмысын басталады деп күтіліп отыр.

Брифинг
Брифинг. Фото: Атырау облысы әкімдігі

Сондай-ақ мемлекет басшысы еліміздің батысындағы мұнай-газ-химия өнеркәсібі кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін "Силлено" зауыты мен жылына 1 млрд текше метр газ өндіретін Ескенедегі зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Алдағы жылдары бутадиен, синтетикалық каучук шығаратын "Бутадиен" зауытының және газ бөлу кешенінің құрылысы басталады деп күтіліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2195741-atyrau-oblysynda-negizgi-kapitalga-salyngan-investitsiia-kolemi-1-7-trln-tenggege-zhetti/