Қаржы

Зектілері

"Еңбек өтілі 20 жылға жуық": Алматы облысы әкімінің айлығы белгілі болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Марат Сұлтанғазиев
Марат Сұлтанғазиев. Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевтің жалақысын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Арынбекованың айтуынша, аймақ басшысының жалақысы 2 миллион теңгеден асады. Бұл соманы ол мемлекеттік қызметтегі 20 жылға жуық тәжірибесінің арқасында алады.

"Облыс әкімінің айлығы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" қаулысы негізінде есептеледі.

Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысының схемасына сәйкес, 18 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар Алматы облысы әкімінің лауазымдық жалақысы 2 414 264 теңгені құрайды", - деді Арынбекова NUR.KZ тілшісіне.

Еске салсақ, бұған дейін Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов пен оның орынбасарларының айлық жалақысы жарияланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2197314-almaty-oblysynyng-akimi-qansha-zhalaqy-alady/