Қаржы

Зектілері

Нұрлан Байбазаров Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды

Жарияланған күні:

Нұрлан Байбазаров
Нұрлан Байбазаров. Фото: "Қазақстан даму банкі" АҚ баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорданың Telegram-дағы парақшасында.

Ұлттық экономика министрлігі сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Нұрлан Серікұлы Байбазаров 1975 жылы 10 қазанда дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Банк ісін ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірген бұрынғы министрдің 23 жылдық жұмыс өтілі бар, оның 7-і "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-да басшылық лауазымдарда.

1997-2003 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде жұмыс істеді.

2004 жылдан 2011 жылға дейін жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының бастығы, инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Корпоративтік хатшысы лауазымдарын атқарды.

2013 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментін басқарды. Бұдан басқа, әр жылдары "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "ҚазМұнайГаз Консалтинг" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жұмыс істеді.  

2016 жылдан бастап 2022 жылғы қарашаға дейін "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болды.

2022 жылдың қараша айынан 2023 жылдың қазан айына дейін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Басқарма төрағасы болды.

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жалғыз акционерінің 2023 жылғы 5 қазандағы шешімімен Холдингтің Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалды.

2024 жылы 6 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2203143-nurlan-baibazarov-ulttyq-ekonomika-ministri-lauazymynan-bosatyldy/