Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда доллар қымбаттады
Опубликовано:

Қазақстан қор биржасында бүгін, 30 желтоқсанда, күндіз доллар қымбаттады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ KASE сайтының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Қаржы биржасындағы күндізгі сауда нәтижесінде, доллардың орташа бағамы 523,54 теңгеге жетіп, өткен аптадағы көрсеткіштен 1,56 теңгеге қымбаттады.
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде доллар саудасы мынадай бағаммен жүріп жатыр:
- Астанада: сатып алу – 519 теңге, сату – 526-529 теңге;
- Алматыда: сатып алу – 519-523,5 теңге, сату – 526-529 теңге.
Kurs.kz порталының мәліметінше, елдегі валюта айырбастау пунктерінде қазір доллар мынадай бағамен саудаланып жатыр:
- Алматы: сатып алу – 512-525,5 теңге, сату – 524-530 теңге;
- Астана: сатып алу – 523-525 теңге, сату – 531-532 теңге.
Айта кетейік, Қазақстанда өтекен аптаның соңында доллар бірден бес теңгеге көтерілген.
- 2024 жылғы 30 желтоқсан: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары
- 2024 жылғы 28 желтоқсан: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2206890-zhanga-zhyl-qarsangynda-qazaqstanda-dollar-qymbattady/