jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Үкімет басшысы ауылға маман тарту жоспарын әзірлеуді тапсырды

    ауыл шаруашылығы
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Премьер-министр Олжас Бектенов үкіметтің сәрсенбідегі отырысында авиация, теміржол және кеме қатынасында қажетті мамандар даярлауды, сонымен бірге ауылға маман тарту жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкімет мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

    Үкіметтің сәрсенбідегі отырысында авиация, теміржол және кеме қатынасы сияқты жоғары технологиялық салалардағы маман тапшылығы мәселесіне баса назар аударылды. Премьер көлік министрлігіне осы салалар үшін маман даярлаудың нақты жоспарын әзірлеуді тапсырды.

    Бұған қоса, агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, ауылдағы мамандарға тартымды жағдай жасау мәселелерін пысықтап, осы бағытта жаңа бағдарламаларды іске қосуы қажет.

    Энергетика министрлігі компаниялармен бірлесе жер қойнауын пайдаланушылармен, жұмыс берушілермен, салалық колледждермен өзара тығыз қарым-қатынас жасай отырып, жұмысшы кадрлар даярлау бойынша үлкен жұмыс жүргізу керек.

    Үкімет маман даярлау ісіне бизнес те белсенді атсалысуы қажет деп есептейді. Республикада жұмыс беруші есебінен біліктілігін арттыруға баратын қызметкер үлесі 6 пайызға әрең жетеді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде бұл көрсеткіш 48 пайыз.

    Осыған байланысты премьер-министр бизнес өкілдерін жұмысшы мамандардың біліктілігін арттыруға, оларды әлеуметтік қолдауға және лайықты еңбек жағдайларын жасауға күш салуға шақырды.

    Үкімет басшысы ауылға маман тарту жоспарын әзірлеуді тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.