jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті

    Астана әуежайы
    Астана әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    "Нұрсұлтан Назарбаев" атындағы Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қала әкімдігінің мәліметінше, Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шарты мерзімінің аяқталуына байланысты "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өткен.

    2025 жылдың 7 қаңтарында мерзімі аяқталған сенімгерлік басқару шарты 2023 жылдың 7 қарашасынан басталған.

    Елордалық әуежай акцияларының иесінің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен Terminals Astana Airport Management ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасуға дайындық жүріп жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.