Қаржы

Зектілері

Картоп бағасы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе: Сауда комитеті төрағасының орынбасары жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
картоп
Көрнекі фото: pixabay.com

Сауда және индустрия министрлігіне қарасты Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев үкімет отырысынан кейін бағасы шарықтап кеткен картопқа қатысты жағдайға түсінік берді. деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер картоптың қымбаттауына не себеп болғанын сұрады.

"Бұл жағдай картоп экспорты көлемінің ұлғаюы себебінен болып отыр, өте үлкен көлемде экспорттадық, бұл былтырғымен салыстырғанда 1,5 есе көп", - деді Ернұр Жәутікбаев.

Осы ретте ол елімізде картоп жеткілікті мөлшерде бар екеніне сендірді.

"Қазір Қазақстанда шамамен 62 мың тонна картоп қалды, Қазақстанда орташа есеппен картоп 130 теңгеден сатылып жатыр, дәлірек айтсақ – 129,1 теңге. Қазір өңірлерде тұрақтандыру қорында сатылып жатыр, ел аймақтарында тұрақтандыру қоры серіктесінің әлеуметтік дүкендерінде бар.

Бұған логистика мен сауда үстеме бағасын қосатын болсақ, бүгінде ол Қазақстанда орта есеппен 320 теңге шамасында сатылып жатыр. Тағы да қайталаймын: бүгінде орташа баға 322 теңге болып қалды. Бір жерлерде 500 теңгеден сатылып жатыр дегенді де оқыдық – бұл мейрамханалар сатып алатын картоптың белгілі бір түрі", - деді спикер.

Журналистер картоптың бір килограмының бағасы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе деп те сұрады.

"Бүгінгі таңда біз бұл жағдайды реттеу үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз, бақылауымызда, бірақ бағаны көріп отырмыз. Ауыл шаруашылығы министрлігінен алынған мәліметтерге сәйкес, биыл өте көп өнім жиналды, осылайша экспорт басталды, біз қазір бұл жағдайды реттеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деп сендірді Сауда министрлігінің өкілі.

Еске сала кетейік, Қазақстанда картоп бағасының күрт өсуіне байланысты үшінші елдерге картоп жөнелту уақытша тоқтатылды. Тиісті шешім 18 қаңтарда өткен Сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2213678-kartop-bagasy-500-tenggege-zhetui-mumkin-be-sauda-komiteti-toragasynyng-orynbasary-zhauap-berdi/