jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Қазақстанда бензинге шекті баға алып тасталды

    Көлігіне жанармай құйып жатқан ер адам
    Көлігіне жанармай құйып жатқан ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын шекті мөлшерде ұстап тұрған бұйрықтардың күші жойылды. Тиісті құжатты Энергетика министрлігі жариялады, бұйрық 30 қаңтарда күшіне енеді. Бұдан былай жанар-жағармай сатушылар бағаны өзі белгілей алады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

    Қазақстанда бүгінге дейін бензин мен дизель отыны шекті бағамен сатылып келді, елдегі жанармай құю бекеттеріне белгіленген бағаны көтеруге тыйым салынған еді. Мысалы, АИ-92 маркалы бензиннің шегі литріне 245 теңге, ал жазғы дизель отыны 315 теңге шегінде болды.

    Енді Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын мемлекет реттемейді. Қазақстанның Энергетика министрі мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге баға шегін белгілейтін барлық бұйрықтың күшін жоятын нормативтік құқықтық актіге қол қойды. Тиісті құжат Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі порталында жарияланды.

    Ресми түрде бұйрық 2025 жылдың 30 қаңтарында, яғни ертең күшіне енеді.

    Еске салайық, бұған дейін Энергетика министрлігі өкілдері жанар-жағармай материалдарының бағасына шектеуді алып тастау туралы шешімді қабылдауға басқа елдермен баға алшақтығы әсер етті деп түсіндірді.

    Бұған дейін ведомство басшысы ақпан айынан бастап жанар-жағармай бағасының көтерілуі күтілетінін айтқан болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.