jitsu gif
Қаржы

    Елімізде жарық бағасы бірден 20 пайызға өсті

    Жарық
    Жарық. Көрнекі фото: Рixabay.com

    1 ақпаннан бастап елімізде жарық бағасы бірден 20 пайызға өсті. Министрліктің мәліметінше, елде бар бас-аяғы 36 электр станциясы тарифті көтерген, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    "Жеке және заңды тұлғалар үшін түпкілікті тарифті табиғи монополия саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті реттейді. Біз қазір тарифті бекіттік, ары қарай энергия беруші ұйымдар қағидалары негізінде өтініш тастайды, сосын ары қарай Ұлттық экономикадағы әріптестер шешім қабылдап, жаңа тариф бекітеді", - дейді Энергетика министрлігі, электр энергетикасын дамыту департаментің бас сарапшысы Жанарыс Мұсаханұлы.

    Яғни қарапайым тұтынушылар электр қуатының бір киловаты үшін екі теңгеге артық төлемек. Тарифтің өзгеруіне қызметкерлердің жалақысының көтерілуі, отын ретінде пайдаланылатын көмір мен газ бағасының өсуі, сондай-ақ станцияларда жүргізілетін жаңарту жұмыстары себеп болып отыр.

    Өткен аптада Қасым-Жмарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында ТМД елдерінде электр энергиясының, газдың және мұнай өнімдерінің бағасы Қазақстанға қарағанда қымбат деді. Ол тарифтер нарық талаптарына сай болмаса, электр энергиясымен, жылумен және сумен үздіксіз қамтамасыз ету мүмкін емес екендігін атап өткен еді.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.