Қаржы

Зектілері

Қазақстанда алтын бағасы 60 пайызға өсті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Алтын
Алтын. Көрнекі сурет: pixabay.com

Соңғы бір жылда Қазақстанда алтынның бір граммы шамамен 60 пайызға – 29,5 мың теңгеден 46,9 мың теңгеге қымбаттады. Бұл қымбаттау тұрығысынан рекордтық көрсеткіш болып отыр. Толығырақ KAZ.NUR.KZ мақаласынан оқыңыз.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметінше, алтынның ресми бағамы бүгін, 2025 жылғы 4 ақпанда 46 857,42 теңгені құрайды. Бір тәулік ішінде орташа өсім 0,76%-ды құрағанымен, бір жыл ішінде алтын 59,08%-ға қымбаттап отыр – тура бір жыл бұрын асыл металдың бір граммы небәрі 29 455,36 теңге болды.

Айта кетерлігі, алтын бағасының өсуіне Қазақстандағы "әлсіз теңге" ғана себеп емес. Жалпы алтынның құны бүкіл әлемде өсіп жатыр – сарапшылар 2024 жылдың аяғында бұл қымбат металдың қымбаттауы жалғаса беретінін ескерткен болатын.

Дегенмен алтынға инвестиция құюға шешім қабылдаған қазақстандықтар мұндай қадамның өз тәуекелдері барын есте ұстағаны жөн. Бағалы металл ұзақ уақыт бойы қымбаттап келеді, яғни оны ертерек сатып алған инвесторлар көп ұзамай өз пайдасын алу үшін оны сатуға шешім қабылдауы мүмкін. Бұл жағдай бағаның күрт төмендеуіне әкелуі ғажап емес.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі алтын сатудан түсетін ақша арқылы теңге бағамын қолдауға кірісетіні хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2217936-qazaqstanda-altyn-bagasy-60-paiyzga-osti/