Сарапшылар доллар бағамы бір жылдан кейін 540 теңгеден асуы мүмкін деген болжам жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазіргі таңда 1 доллар 518 теңге шамасында, бірақ қазақстандық сарапшылар 12 айдан кейін оның бағамы 540 теңгеден асуы мүмкін деп болжап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жақында теңгенің күрт құлдырауы туралы хабарлаған едік – доллар бір күнде 12 теңгеге қымбаттады. Ұлттық банк теңгенің қатты әлсіреуіне Дональд Трамп бастаған "сауда соғысы", сондай-ақ мұнай бағасының төмендеуі себеп болды деп мәлімдеді.
Кей сарапшылар теңге бұдан әрі де әлсірей береді деп есептейді. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы жүргізген сауалнамаға сәйкес, мамырдың басында доллар бағамы 516,3 теңге болады деп болжанып отыр, бұл қазіргі көрсеткіштерден сәл төмен. Алайда 12 айда доллар құны болжам бойынша 542,5 теңгеге дейін өседі деп күтіледі.
Ал себептері бір: мұнай бағасының қатты түсуі, АҚШ-тағы тарифтерге қатысты бұлыңғыр жағдай және рубльдің құнсыздануы.
Айта кетерлігі, осы фактордың барлығы Қазақстанда соңғы кездері онсыз да үдей түскен және қазір 10 пайызға жеткен инфляцияға да әсер етуі мүмкін. Осылайша сарапшылар инфляция көрсеткіші алдағы 12 айда 11,2 пайызға жетеді деп есептейді (бір ай бұрын бұл көрсеткіш 10,3 пайыз болады деп күтілген болатын).
Респонденттер базалық мөлшерлемеге де қатысты пікірін білдірген. Сарапшылардың 25 пайызы келесі отырыста Ұлттық банк оны бірден 17 пайызға дейін көтереді деп болжайды. Дегенмен 75 пайызы ешқандай өзгеріс болмайды және көрсеткіш 16,5 пайыз болып сақталады деп есептейді.
Алайда болжамдар міндетті түрде дәл келеді деген сөз емес екенін түсіну маңызды, өйткені бұл қаржылық сарапшылардың субъективті пікірі. Олардың басты мақсаты – қазақстандықтарға елде болып жатқан оқиғалар мен оның ықтимал зардабы туралы айту.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2234252-qazaqstandyq-sarapshylar-dollar-bagamy-bir-zhyldan-keiin-540-tenggeden-asuy-mumkin-degen-bolzham-zhasady/