jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Қазақстанда 2026 жылы ең төменгі жалақы көтерілуі мүмкін

    ақша санап отырған адам
    Ақша санап отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова министрлер кабинетінің кулуарында Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру туралы депутаттардың ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Светлана Жақыпованың айтуынша, 2024 жылы алғаш рет Еңбек министрлігі еңбек өнімділігіне, нарықтағы медианалық жалақыға және тиісінше инфляция деңгейіне байланысты ең төменгі жалақыны анықтау әдістемесін бекітті.

    "Бүгінде бірнеше институт еңбек өнімділігінің нақты көрсеткіштерін, өңірлер, салалар бойынша медианалық жалақыны қамтамасыз ету мақсатында зерттеу жүргізіп жатыр және олардың бәрі ең төменгі жалақыны есептеуге негіз болады. Биыл жыл соңына дейін (бұл зерттеуді аяқтау жоспарланып отыр – ред. ескертпесі), келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны көтеру үшін. Ал қаншаға көтерілетіні зерттеу нәтижесінен кейін белгілі болады", - деді ол.

    Еске сала кетейік, Қазақстанда 2025 жылы ең төменгі жалақы 85 000 теңге, яғни 2024 жылғы мөлшерде қалып отыр. Жұмыс берушілер қызметкерге осы мөлшерден төмен жалақы ұсына алмайды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.