jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Ауыл шаруашылығынан алтын өндірісіне дейін: ШҚО-дағы Маралды ауылы қалай дамып келеді

    Ауыл шаруашылығынан алтын өндірісіне дейін: ШҚО-ғы Маралды ауылы қалай дамуда
    Фото: Күршім аудынының әкімдігі

    Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясында ауылды өркендету – басты басымдықтардың бірі. Ауыл инфрақұрылымын дамыту, тұрмыс сапасын арттыру, жұмыспен қамту, сапалы білім мен медицинаға қолжетімділікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты болып қала бермек. Бұл бағыттағы нақты нәтижелердің бірі – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына қарасты Маралды ауылында көрініс тапты.

    Күршім ауданында бүгінде 13,9 мың адам тұрады. Аудан экономикасының негізі – ауыл шаруашылығы, егін және мал өсіру, сонымен қатар пайдалы қазбаларды өндіру. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығына деген бетбұрыс жаңа сипат ала бастады. Несібесін осы саладан терген аудан еңбеккерлері мал түлігін арттырып, егіншілік ырысын молайтуға да көңіл бөліп отыр. Шаруалар түрлі мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, өз шаруашылығын дамыта түсуде. Мысалы аудан тұрғындары "Ауыл аманаты" жеңілдетілген несиесіне 11 жоба өткізіп, 82,5 млн. теңгенің қаражатына қол жеткізді, сөйтіп кәсіптерін дөңгелетіп жатыр. Сондай-ақ "Кең дала" бағдарламасымен аудан шаруалары 26,6 млн. теңгенің қаржысын алды.

    Аудан орталығынан 100 шақырым қашықтықта жатқан Маралды ауылы осы серпінді бағыттың бір бөлігі. Жалпы жер қоры – 117 мың гектар, оның ішінде 88 мың гектар жайылым. Биыл ауылда 750 гектарға рапс егілді, бұл – егін шаруашылығын жаңғыртудың алғашқы қадамдарының бірі.

    Ауыл шаруашылығынан алтын өндірісіне дейін: ШҚО-ғы Маралды ауылы қалай дамуда
    Фото: Күршім аудынының әкімдігі

    Маралды халқының саны – 466 адам. Ауылда 11 жылдық мектеп, медициналық пункт, пошта бөлімшесі және әкімдік ғимараты жұмыс істейді. 58 оқушыны 23 мұғалім оқытады.

    Жол, жарық және бейнебақылау: ауылдың жаңа тынысы

    Маралды ауылына соңғы жылдары барынша көңіл бөлініп келеді. 2023 жылы ауылға медициналық пункт салынды, 11 жылдық мектеп жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар таза ауыз сумен, электрмен жабдықтау, кең жолақты интернет, спутниктік байланысқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, ауыл ішілік жолдар сапасын арттыру бойынша екі жыл көлемінде тиянақты жұмыстар істелді.

    Ауыл шаруашылығынан алтын өндірісіне дейін: ШҚО-ғы Маралды ауылы қалай дамуда
    Фото: Күршім аудынының әкімдігі

    Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында 2024 жылы Маралды ауылының 7 шақырым жолды мен көшелеріне орташа жөндеу жүргізілді, Маралды - Үшбұлақ бағытындағы жолға 21 шақырым жол жаңартылды. Қараөткел өзені арқылы өтетін көпір жөнделіп, ауыл ішіне 40 көше жарығы бағанасы орнатылды. Қазіргі таңда ауыл толықтай көше жарығымен қамтамасыз етілген. Ауылға орталықтандырылған су жүйелерін тарту жұмыстары да жүргізілді.

    Тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізу үшін воркаут алаңы мен шағын футбол алаңы ашылды. Ауылдық клубтың қасбеті жаңартылып, 30 бейнебақылау камерасы орнатылды.

    Ауыл шаруашылығынан алтын өндірісіне дейін: ШҚО-ғы Маралды ауылы қалай дамуда
    Фото: Күршім аудынының әкімдігі

    2025 жылы орталық саябақты қоршау және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған аллеяны гранит плиталармен әрлеу жұмыстары атқарылды. Маралды ауылының Жағалау, Уалиханов көшелеріне толығымен және Алтай көшесінің аяғына барлығы 41 жарық шамдары орнатылды. Тұрғындардың бау-бақшаларын суғаруға арналған орталық көшедегі арық жөнделді. Алтай көшесінің аяғына мал қоршауы (раскол) орнатылды. Мал сою алаңы салынуда.

    Алтын өңдеу зауыты мен омарта шаруашылығы

    2024 жылы 28 қарашада Маралды ауылында алтын өңдеу зауыты ресми ашылды. Кәсіпорында 300 жұмыс орны қарастырылған. Бүгінгі таңда алтын өңдеу зауытында 155 жұмысшы еңбек етуде. Оның 51-і аудан азаматтары. Ең бастысы, жұмыспен қамтылған азаматтар ауылдан қоныс аудармай, олардың ауылда тұрақтап қалуына көмектеседі.

    Ауыл шаруашылығынан алтын өндірісіне дейін: ШҚО-ғы Маралды ауылы қалай дамуда
    Фото: Күршім аудынының әкімдігі

    2024 жылы зауыт 20 737 тонна өнім өндірсе, биылғы жоспар – 250 мың тонна. Маралды ауылындағы алтын өндіру зауыты аудан экономикикасына қомақты қаржы әкеледі, ең бастысы, өндіріс жаңа жұмыс орындарын ашып отыр.

    Маралды округі бал өндірісімен де танымал. Мұнда 55 омарта шаруашылығы бар, барлығы 205 ұя тіркелген. Жыл сайын 30-50 тонна бал өндіріледі. Сонымен қатар шаруа қожалықтары "Іскер", "Агробизнес-2020" бағдарламалары арқылы несие алып, шаруашылықтарын дөңгелетіп отыр.

    Айта кету керек, осы жылы 400 млн теңгеге түрлі іс-шараны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде жыл басынан бері 227,2 млн теңгеге жобалар жүзеге асты. Келесі жылы Маралды ауылының Уәлиханов көшесінің орталық бөлігіне қоршау орнату, аллея салу, ауылдық округ ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

    Ауыл шаруашылығынан алтын өндірісіне дейін: ШҚО-дағы Маралды ауылы қалай дамып келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.