jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Елімізде ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеру ұсынылды

    Ақша
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бүгін мәжілістің жалпы отырысында "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы қаралды, онда ең төменгі жалақыны көтеру ұсынылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Халықаралық еңбек ұйымының ұсыныстарына сәйкес әзірленген ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесінің қабылдануына байланысты Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төменгі жалақыны 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін көтеруді қайта қарау қажет деп санайды", - делінген заң жобасының қорытындысында.

    Еске сала кетейік, бұған дейін сенат депутаттары дамушы елдер ерекше ескерілген ең төменгі жалақыны белгілеу туралы конвенцияны ратификациялағанын хабарлағанбыз. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Конвенция ең төменгі жалақыны елдің макроэкономикалық көрсеткіштерін ғана емес, сонымен бірге азаматтарымыздың нақты қажеттілігін ескере отырып есептеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

    Елімізде ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеру ұсынылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.