jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "340 млрд теңге қарызымыз бар": ауыл шаруашылығы министрі шаруаларға субсидия қашан толық төленетінін айтты

    Айдарбек Сапаров
    Айдарбек Сапаров. Фото: gov.kz

    Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында 2022 жылдан бері қордаланып қалған субсидия қарызы шаруаларға қашан толық өтелетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Журналистер брифингте ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтан кей өңірлердің шаруалары бірнеше жылдан бері субсидия ала алмай отырғанын атап өтіп, ол мәселе қалай шешіліп жатқанын сұрады.

    "Республика бойынша шаруаларға жалпы 340 млрд теңге қарызымыз бар. Әр облыс алдында қарыз бар, Әсіресе Қостанай, СҚО, Ақмола, Алматы облыстарына тиесілі қарыздар үлкен. Оның бәрін жабу жоспарымызда бар. Күту парағында тұр. Оның бәрі өтеледі. Қараша, желтоқсанда қаражат үнемделсе, резервтен әр облысқа таратып береміз. Қалмаса, келесі жылы қаңтар, ақпанында өтеледі. Бұл қарыздар 2022-2023 жылдан бері келе жатыр. Шаруашылықтар мен облыстарды аралағанда оны өзім де айтып жүрмін. Жыл сайын осылай, алдағы жылдың бюджетінен өткен жылдан ауысқан қарыздар өтеліп отырады. Биыл да солай. Қазірдің өзінде 57 млрд теңге қосымша бөліп, өңірлерге үлестірді", - деді ол.

    Министр 2024 жылдан бері субсидияның орнына кредит енгізілгенін еске салды.

    "340 млрд теңге қарызымыз бар": ауыл шаруашылығы министрі шаруаларға субсидия қашан толық төленетінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.