jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қаржы министрлігі жаңа Конституцияға қатысты референдум өткізуге нақты қанша қаражат жұмсалатынын айтты

    Бума ақша
    Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері жаңа Конституцияға қатысты өткізілетін референдумға бөлінетін қаражат туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері NUR.KZ тілшісінің референдумға жұмсалатын қаржылық шығынына қатысты сұрағына жауап берді. Қазақстан үкіметінің резервінен республикалық референдумды ұйымдастыруға және өткізуге 20,7 млрд теңге бөлінеді.

    Оның ішінде Орталық сайлау комиссиясының жұмысына 20,6 млрд теңге қарастырылған.

    "Шығындардың негізгі бөлігі – 15,6 млрд теңге (немесе 75 пайызы) – референдумдағы 71 044 комиссия мүшесінің жалақысына жұмсалады. 4,9 млрд теңге (немесе 25 пайызы) ұйымдастыру іс-шараларына (ақпараттық қолдау, баспа және баспа материалдары, сондай-ақ барлық деңгейдегі комиссиялардың қызметін қолдауға) жұмсалады", - деп атап өтті Қаржы министрлігі өкілдері.

    Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігіне 123,6 млн теңге бөлінді, атап айтқанда, бұл қаржыға 62 елдегі 80 шетелдік сайлау учаскесіне қызметкерлер іссапарға жіберіледі.

    "Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктердің, шетелдік мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалар мен азаматтардың немесе азаматтығы жоқ адамдардың референдумға байланысты іс-шараларды қаржыландыруға немесе басқаша қолдауға тікелей немесе жанама қатысуына тыйым салынады", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

    Қаржы министрлігі жаңа Конституцияға қатысты референдум өткізуге нақты қанша қаражат жұмсалатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.