Қазақстанда бензин бағасы күрт өсуі мүмкін бе: Энергетика министрлігінің жауабы
Опубликовано:
Читать на русском
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәжіліс алаңында бензин бағасы мораторий алынып тасталғаннан кейін қаншалықты өзгеруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Бүгінде ештеңе көтеріліп жатқан жоқ. Біз барлық көтерме тұтынушысымен келісімге келдік. Барлық баға сақталды және 1 сәуірге дейін көтерілмейді. Тарифтерді одан әрі түзету үкіметтің шешіміне сәйкес анықталады", - деді Сұңғат Есімханов.
Ол сондай-ақ баға күрт өсе қоймайтынына сендірді.
"Бензин бағасын еркіндікке жібергеннің өзінде, өздеріңіз білесіздер, ол айына 2-4 теңгеге өсті. Әрине бақыланбалы өсім болады", - деп түсіндірді ол.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2347621-qazaqstanda-benzin-bagasy-kurt-osui-mumkin-be-energetika-ministrligining-zhauaby/