Каспий құбыр консорциумы арқылы былтыр қанша тонна Қазақстан мұнайы тасымалданды
Опубликовано:
Читать на русском
Абу-Дабиде Каспий құбыр консорциумы басқарушы органдарының отырысы өтті. Қатысушылар 2025 жылғы көрсеткіштерді қорытындылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылы Теңіз-Новороссийск құбыр жүйесі арқылы 70,52 млн тонна мұнай тасымалданған.
Оның ішінде 2025 жылы Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарынан құбыр жүйесіне тиісінше 36,6 млн тонна, 9,2 млн тонна және 17 млн тонна мұнай түсті.
Сонымен қатар 2025 жылы Каспий құбыр консорциумы және мердігерлік қызметкерлер арасында жарақатсыз, оқиғасыз сағатына 14,2 млн жұмыс істелді, ал көліктер 33 млн км-ден астам жолды апатсыз жүріп өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2347896-kaspii-qubyr-konsortsiumy-arqyly-byltyr-qansha-tonna-qazaqstan-munaiy-tasymaldandy/