jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің жалақысы әр үш жыл сайын көтерілмек

    Ақша
    Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері қайта қаралады, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заң жобасының жаңа редакциясын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

    Жаңартылған заң жобасында мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, білікті кадрларды тарту және ұстап қалу үшін бірқатар норма қарастырылған.

    Атап айтқанда, жалақыны кемінде үш жылда бір рет индекстеу тетігі енгізіледі, үстеме жұмыс, демалыс және мереке күндері үшін өтемақы төлеу көзделеді.

    Сондай-ақ қызмет өтілі 25 жылдан асқан және мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары бар қызметшілерге зейнетке шыққанда төрт лауазымдық жалақы мөлшерінде біржолғы сыйақы беріледі.

    Бір елді мекеннен екіншісіне ауысқанда немесе мемлекеттік орган көшірілген жағдайда қызметшілерге көтерме жәрдемақы және мүлкін тасымалдауға өтемақы төленеді. Балалары балабақшаға кезексіз қабылданады.

    Сонымен қатар жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі қарастырылады.

    Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің жалақысы әр үш жыл сайын көтерілмек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.