jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда жанармай тапшылығы бола ма: вице-министр жауабы

    Бекетте бензин құйып жатқан ер адам
    Бензин құйып жатқан ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов бүгін сенат кулуарында Қазақстанның жанармай қоры жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Жанар-жағармай бағасы өзгеріп жатқан жоқ. Біз мұның ең алдымен ұсыныс пен сұранысқа байланысты екенін көріп отырмыз. Қазіргі уақытта тапшылық жоқ: бізде 600 000 тоннадан астам бензин және 600 000 тоннадан астам дизель отыны бар. Бізде жеткілікті қор бар және біз мұны қамтамасыз етіп жатырмыз. Тапшылық жоқ, сондықтан жанар-жағармай бағасының өсуі күтілмейді. Бағаның күрт өсуі болмайды", - деді Санжар Жаркешов.

    Оның айтуынша, елімізде жанармай бағасына мониторинг жүргізіліп жатыр.

    "Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұны бақылап отыр. Әкімдіктерде орналасқан өңірлік штабтар жағдайды үнемі бақылап отырады, бағаның негізсіз немесе кенеттен көтерілуіне жол бермейді. Халықты және олардың төлем қабілеттілігін қорғау біздің басымдығымыз болып қала береді", - деді спикер.

    Қазақстанда жанармай тапшылығы бола ма: вице-министр жауабы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.