Қазақстан қалаларының біріне кірер жол ақылы болуы мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русском
Елімізде Алатау қаласына кірер жолды ақылы етіп, экологиялық алым енгізуге мүмкіндік беретін арнайы құқықтық режим қабылданды. NUR.KZ тілшілері бұл режим іс жүзінде тұрғындарға қалай әсер ететінін анықтап көрді.
Алатау қаласы тәуелсіз экожүйені дамытуға мүмкіндік беретін бірегей құқықтық мәртебеге ие болды. Қалада әуе таксилері іске қосылып, квадропорттар салынбақ.
Дегенмен жаңашылдықтар мұнымен аяқталмайды. "Колеса" порталы атап өткендей, арнайы құқықтық режим Алатауға кіру ережелерін бекіту құқығын қаланың өзіне береді.
"Алатау билігі әкімшілік белгілеген критерийлер мен мерзімдерге сәйкес көлік құралдары мен басқа да жол қозғалысы көздерін пайдалануға қойылатын талаптарды, оның ішінде тыйым салуды, Алатау қаласына немесе оның белгіленген функционалдық аймақтарына кіруге шектеу қоюды немесе осы мақсат үшін бөлек экологиялық алым өндіруді бекіте алады", - деп хабарлайды портал.
Қарапайым тілмен айтқанда, қала әкімшілігі мыналарды істеуге құқылы:
- кейбір көлік құралдарының қалаға кіруіне шектеу қою;
- қалаға кірер жолға экологиялық алым енгізу.
Маңызды: бұл Алатау аймағына кіру азаматтар үшін бірден ақылы болады дегенді білдірмейді — қала жай ғана аймағына кірер жолға экологиялық алым енгізуге мүмкіндік беретін тетікке ие болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2375450-qazaqstan-qalalarynyng-birine-kirer-zhol-aqyly-boluy-mumkin/