Астанада электр энергиясы тарифін 12 пайызға көтеру ұсынылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Астана-РЭК" басшысы Руслан Әбжанов Астанада электр энергиясы тарифтерін көтеру қажеттілігі туралы түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің тыңдауында "Астана-РЭК" АҚ басқарма төрағасы Руслан Әбжанов Астанада электр энергиясы тарифтерін көтеру қажеттілігін түсіндірді.
"Астана-РЭК" АҚ электр энергиясының шекті бағасын 31,18 теңгеден 35,07 теңге/кВтсағ-қа дейін (+12,5% пайыз) көтеруге өтінім берді", - деді Руслан Әбжанов.
Оның айтуынша, тарифті көтеру қажеттілігі мына жағдайларға байланысты:
- электр энергиясын сатып алу және тасымалдау шығындарының өсуі;
- KEGOC қызметтерінің құнының өсуі;
- қуат нарығындағы шығындардың өсуі;
- теңгерім нарығындағы шығындардың өсуі;
- сараланған тарифтерді қолдану және тарифтерді көтеруге мораторий енгізу нәтижесінде туындаған шығындарды өтеу қажеттілігі.
"Қосымша фактор – елордада электр энергиясын тұтынудың артуы. 2026-2027 жылдарға арналған электр энергиясын сатып алудың жоспарланған көлемі 4 575 493 мың кВт/сағ құрайды, бұл бұрын бекітілген 4 077 052 мың кВт/сағ көлемнен 498 442 мың кВт/сағ-қа немесе 12,2 пайызға артық.
Электр энергиясын сату көлемінің өсуі қаладағы тұтыну көлемінің тұрақты өсімімен байланысты, қалада құрылыс жұмыстары белсенді жүріп жатыр және жаңа нысандар пайдалануға берілуде.
2025 жылы Астанада 4,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл астананың қарқынды дамып келе жатқан қала орталығы ретіндегі мәртебесін растайды", - деп түсіндірді ол.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2380480-astanada-elektr-energiiasy-tarifin-12-paiyzga-koteru-usynyldy/