jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстан ЕАЭО-да жалақы мөлшері бойынша үшінші орынға түсіп қалды

    ақша санап отырған адам
    Ақша санап отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстан ЕАЭО-да орташа жалақы бойынша Ресей мен Беларусьтен кейін, үшінші орында тұр. Елдегі нақты жалақының өсімі инфляциядан артта қалып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы орташа номиналды жалақы – 461 486 теңге. Бір жыл ішінде ол 9,1 пайызға өсті, бірақ бұл өсімді инфляция "жеп қойды", ал сатып алу қабілеті 2,3 пайызға төмендеді.

    Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше басқа елдерде жағдай жақсырақ.

    Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметі бойынша, нақты жалақы Беларусьте 7 пайызға, Ресейде 8,7 пайызға және Қырғызстанда 5,2 пайызға өсті. Ал Армения мен Қазақстанда бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 1,2 пайызға азайды.

    Қазақстан жалақы мөлшері бойынша доллармен есептегенде (927 доллар) Беларусь (975) пен Ресейден (1367) кейінгі үшінші орында, бірақ Қырғызстан (534) және Армениядан (813) озып тұрғанын атап өткен жөн.

    Айта кету керек, былтыр ғана Қазақстан жалақының мөлшері бойынша ЕАЭО-да Ресейден кейінгі екінші орында болған. Алайда 2025 жылдан бері Беларусь екінші орынды мықтап иеленді. Бұл Қазақстанның нақты жалақының өсімі бойынша көршілерінен артта қалған бірінші жағдай емес.

    Қазақстан ЕАЭО-да жалақы мөлшері бойынша үшінші орынға түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.