jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Депутат: Қазақстанда кредиттер жаңа кредитпен өтеліп жатыр

    Доллар мен теңге
    Доллар мен теңге. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Жоғарғы аудиторлық палатаның есебін тыңдаған соң мәжіліс отырысында депутат Азат Перуашев Қазақстанның сыртқы қарызы рекордтық деңгейге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Жылдан жылға жаңа қарыздардың 36 пайызы бұрынғы міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу үшін "кредитті жаңа кредитпен өтеу" қағидаты бойынша алынуда. 2025 жылы қайта қаржыландыру көлемі 51 пайызға дейін өсті", - деді депутат Азат Перуашев.

    Ол Ұлттық банк мәліметін келтіріп, 2025 жылдың соңына қарай Қазақстанның сыртқы қарызы рекордтық деңгейге – шамамен 182 млрд долларға жеткенін атап өтті.

    "Бір жылда елдің сыртқы қарызы 10,4 пайызға өсті. Бұл соңғы 17 жылдағы ең үлкен өсім", - деді депутат.

    Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстанның сыртқы берешегі 164,7 млрд долларды құраған еді. Бұл сол уақытта Еуразиялық экономикалық одақ бойынша ең үлкен көрсеткіш болды.

    Депутат: Қазақстанда кредиттер жаңа кредитпен өтеліп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.