Қазақстан Қытайдан жанармайды бажсыз жеткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр
Жарияланған күні:
Читать на русском
Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова сенат кулуарында Қытайдан жанар-жағармайды баж салығынсыз импорттау жоспары туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова Ресейдегі қазіргі жағдайға байланысты Қазақстан Қытайдан жанармай импорттау мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.
"Сауда министрлігі өкілдерінің пікірі бойынша, Ресей Федерациясы бізге негізгі отын жеткізуші ел болғанын түсінеміз. Ол жақын орналасқан және әрине, үлкен ресурстарға ие.
Бірақ, қазіргі жағдайды ескере отырып, біз Еуразиялық экономикалық комиссия аясында үшінші елдерден жанармай импортын жандандыру үшін импорттық кедендік рәсімдерді азайту туралы шешім қабылдап жатырмыз. Бірінші кезекте, бұл Қытай", - деді ол.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қытайдан Қазақстанға жанармай, дизель отыны және авиаотынды бажсыз импорттау шарттары қарастырылып жатыр. Ал жеткізілетін жанармай көлемі Қазақстанның ішкі нарығындағы сұранысқа байланысты болады.
"Біз Энергетика министрлігінің ақпаратына күмәнданбаймыз. Белгілі бір кезеңде, қандай да бір мөлшерде жанар-жағармай тапшылығы сезіле қалса, оны басқа елдерден импорттай алатындай мүмкіндікті жасап жатырмыз.
Мысалы, авиаотын. Өз кен орындарымыз болса да, авиаотынмен толық өзімізді қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ. Сондықтан біз авиаотынды үшінші елдерден сатып аламыз", - деді Кушукова.
Вице-министрдің айтуынша, келісім бір жылға жасалуы мүмкін.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2393011-qazaqstan-qytaidan-zhanarmaidy-bazhsyz-importtauy-mumkin/