jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстан жанармайы ең арзан елдердің қатарына енді

    Бензин
    Бензин. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бағаның өскеніне қарамастан Қазақстанда жанармай көптеген көршілес елге қарағанда арзан болып шықты. Жанар-жағармайды елден заңсыз әкету қаупіне байланысты билік шектеу қоюды жалғастырып келеді, деп хабарлайды KAZNUR.KZ Energyprom-ға сілтеме жасап.

    Қазақстан өз өндірісі арқылы жанармаймен өзін-өзі толықтай қамтамасыз етеді, бірақ көршілес елдермен баға айырмашылығы ішкі нарыққа қысым жасауда. Сондықтан билік жанар-жағармайды сыртқа сатудағы шектеуді сақтап отыр.

    "2026 жылдың қаңтарынан мамырына дейін елде авиациялық отынмен қоса, 2,5 млн тонна жанармай өндірілді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,8 пайыз аз", - делінген зерттеуде.

    Ұзақ мерзімді есепке алсақ, өндіріс көлемі он жыл бұрынғыдан айтарлықтай жоғары болып қала береді.

    Ішкі сұранысты отандық мұнай өңдеу зауыттары толығымен дерлік қанағаттандырады. Қаңтар-сәуірде импортқа тек 133,4 тонна жанар-жағармай кеткен, өндірілген отынның көп бөлігі ішкі нарықта қалуда. Сонымен қатар экспорт бір жыл ішінде екі еседен астам азайды.

    "Бензин, дизель отыны және кейбір мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен экспорттауға уақытша тыйым салу 2026 жылдың 21 мамырынан 21 қарашасына дейін ұзартылды", - деп хабарлады Энергетика министрлігі.

    Ведомстводағылардың айтуынша, шектеулер энергетикалық қауіпсіздік пен ішкі нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет. Сонымен қатар тыйым тағы алты айға ұзаруы мүмкін, бұған қатысты ұсыныс дайындалды.

    Қолданылып жатқан шараларға қарамастан, бензин бағасы өсуде. Маусымда айлық өсім 1,1 пайыз болды, бұл баға былтырмен салыстырғанда 15,6 пайыз жоғары. Баға Павлодар облысында қатты өскен.

    "Баға өскеннен кейін де Қазақстандағы бензин көптеген көршілес елге қарағанда арзан болып қала береді", - деп атап өтті сарапшылар GlobalPetrolPrices деректеріне сілтеме жасай отырып.

    Олардың мәліметі бойынша, Қазақстандағы АИ-95 бензинінің бір литрі әлемдік орташа бағаның жартысына жуығына тең, сонымен қатар Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан және Армениядағы бағадан да арзан.

    Осы тұста айта кетерлігі, Ресейдегі тәуелсіз жанармай құю станцияларындағы баға литріне 100 рубльден асты, ал Қырғызстан Қазақстан мен тағы бірнеше елден жанар-жағармаймен тұрақты қамтамасыз етуге көмек сұрап жүгінді.

    "Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы баға айырмашылығы неғұрлым көп болса, жанар-жағармайды заңсыз сыртқа әкетудің қаупі соғұрлым жоғары болады", - делінген зерттеуде.

    Зерттеу авторларының пікірінше, экспортқа шектеулер ішкі нарықтағы тепе-теңдікті сақтаудың негізгі құралдарының бірі болып қала беретіндігінің себебі осында.

    Қазақстан жанармайы ең арзан елдердің қатарына енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.