jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Базалық мөлшерлеменің төмендеуі: Қазақстанда доллар құны өсті

    Доллар мен теңге
    Доллар мен теңге. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    KASE-де доллардың орташа бағамы бүгін бірден 10 теңгеге өсті. Еуро да дәл соншаға қымбаттады. Қазақстанның айырбастау орындарында валюта бағамы қандай екенін KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыздар.

    Тура бір апта бұрын америкалық валютаның биржалық құны 469,83 теңге болған еді. Сейсенбіден бастап ол біртіндеп төмендеп, кеше 465,74 теңгеге дейін түскен. Алайда бүгін жағдай өзгерді.

    Осылайша, Қазақстан қор биржасындағы (KASE) бүгінгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 476,07 теңгеге кеп тұрақтады. Тәулік ішіндегі өсім – бірден 10 теңге.

    Kurs.kz порталының деректеріне сәйкес, бүгін сағат 15:30-да еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау пункттері долларды қолма-қол сатып алу мен сату бағамдары мынадай:

    Астана: сатып алу – 471 теңге, сату – 478 теңге;

    Алматы: сатып алу – 470-475 теңге аралығы, сату – 475,5-478 теңге аралығы;

    Шымкент: сатып алу – 473-474 теңге аралығы, сату – 475-477 теңге аралығы.

    Еуро бағамы да "шарықтап", биржада тәулік ішінде 10 теңгеге қымбаттады. Бүгін сағат 15:30-дағы жағдай бойынша оның орташа сараланған мәні 542,65 теңгеге теңесті.

    Бұл ретте еліміздің айырбастау пункттері еуроны қолма-қол сатып алу мен сату бағамдары мынадай:

    Астана: сатып алу – 535 теңге, сату – 545 теңге;

    Алматы: сатып алу – 535-542,1 теңге, сату – 542,7-548 теңге;

    Шымкент: сатып алу – 535-540 теңге, сату – 541-547 теңге.

    Еске сала кетейік, бүгін Ұлттық банк Қазақстандағы базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті. Осыған байланысты банктер теңгелік депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін, ал қазақстандықтар жинақтарын шетел валютасына ауыстыра бастайды, нәтижесінде теңге бағамы әлсірейді.

    Базалық мөлшерлеменің төмендеуі: Қазақстанда доллар құны өсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.