jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Энергетика министрлігі: КҚК жүк жөнелтушілерден қайта мұнай қабылдай бастады

    КҚК
    КҚК нысаны. Фото: t.me/caspian_pipeline

    Каспий құбыр консорциумы жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдауды және оны Новороссийск портындағы теңіз терминалы арқылы тиеу операцияларын қайта бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

    Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта КҚК-ның екі айлақ құрылғысында SEAMAJESTY және MILOS танкерлеріне мұнай тиеу жүзеге асырылып жатыр. Екі кеме де "Теңізшевройл" ЖШС мұнайын қабылдап жатыр.

    ️Мұнай қабылдаудың қайта жандануы мұнай өндіруші компанияларға шикізатты құбыр жүйесіне жеткізуді жалғастыруға және теңіз терминалы арқылы экспорттық операцияларды қайта бастауға мүмкіндік береді.

    "Қазақстан Энергетика министрлігі КҚК басшылығымен, ірі жүк жөнелтушілермен және үдеріске қатысушы басқа да тараптармен тұрақты өзара іс-қимыл жасап келеді. Ведомство жағдайды бақылауды жалғастырып, қазақстандық мұнайды одан әрі тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарды үйлестіруде", - делінген министрлік хабарламасында.

    Энергетика министрлігі: КҚК жүк жөнелтушілерден қайта мұнай қабылдай бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.