Қазақстан мен ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемі бойынша маңызды шешім қабылдады
Жарияланған күні:
Читать на русском
ОПЕК+ құрамындағы жеті ел қыркүйек айынан бастап мұнай өндірісін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті, деп хабарлайды ұйымның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ОПЕК сайтында хабарланғандай, Қазақстан, сондай-ақ Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Алжир және Оман мұнай өндіру көлемін қайта қараған. Бүгін елдер жаһандық нарық жағдайы мен болашағын талқылау үшін виртуалды кездесу өткізген.
"Жеті қатысушы ел 2023 жылғы сәуірде жарияланған қосымша ерікті түзетулермен салыстырғанда мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдады. Түзету 2026 жылғы қыркүйекте жүзеге асырылады.
Бұл шара қатысушы елдерге өтемақы төлеуді тездетуге мүмкіндік береді. Олар сондай-ақ 2024 жылғы қаңтардан бастап өндірілген кез келген артық өнім көлемін толық өтеуге ниетті екендіктерін растады", - делінген сайтта.
Келесі кездесу 2026 жылғы 6 қыркүйекте өтеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2407237-qazaqstan-men-opek-elderi-munai-ondiru-kolemi-boiynsha-mangyzdy-sheshim-qabyldady/
