jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда ет неге қымбаттады: сауда министрі себептерін атады

    Дүкендегі ет
    Дүкен сөресіндегі ет. Көрнекі фото: Creative Touch Imaging Ltd./NurPhoto via Getty Images

    Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев үкіметте өткен брифингте Қазақстандағы ет бағасының көтерілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Брифингте журналистер еттің қайтадан қымбаттағанын көрсететін статистикалық деректерді келтірді. БАҚ мәліметінше, бір жылда қатты қымбаттаған өнім – қой еті, оның бағасы орта есеппен 27,7 пайызға өскен. Сиыр еті, тартылған ет және тауық сан еті де одан қалыспай тұр. Журналистер бағаның бұлай өсуіне не себеп болғанын сұрады.

    "Иә, шынында да, ет өнімдері бойынша динамиканы байқап отырмыз. Қазіргі таңда баға динамикасын қарасақ, өсім бар, бірақ ол қалыпты деңгейде. Ең бастысы – ет сатылымда бар. Мысалы, біз өткен демалыс күндері нарықтағы бағаға мониторинг жүргіздік, сиырдың жілік етінің 1 келісі 3 700 теңге болды, сауда желілерінде сәл қымбатырақ", - деді Арман Шаққалиев.

    Ол бағаның өсуін етке деген сұраныстың жоғары болуынан деп түсіндірді. Оның айтуынша, әлемнің көптеген елінде сиыр етін тұтыну айтарлықтай артқан.

    "Біз – жаһандық үдерістердің ажырамас бөлігіміз, сондықтан, мысалы, Өзбекстанда сұраныс артса, әрине, біздің бизнес соны таңдайды. Парсы шығанағындағы оқиғалар қой еті бағасының құбылуына әсер етті.

    Дегенмен бүгінгі таңда бағаның күрт өсуін байқап отырған жоқпыз. Баға өзгеріп жатыр, иә, бірақ жалпы алғанда тұрақты және қазіргі уақытта мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуде ешқандай үзіліс жоқ", - деп мәлімдеді министр.

    Қазақстанда ет неге қымбаттады: сауда министрі себептерін атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.