jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда азық-түлік бағасы арзандады

    Азық-түлік
    Азық-түлік. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Елде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Телеарна мәліметінше, соңғы бір апта ішінде, әсіресе, көкөністер арзандаған. Мәселен, картоп — 4,2, ақ қырыққабат — 1,2, ал алма бағасы — 1,1 пайызға арзандады.

    Сондай-ақ пияз, сәбіз, ірімшік, сүзбе мен ұнның құны да төмендеген. Ал нан, макарон, ет өнімдері, сүт пен жұмыртқа бағасы өзгеріссіз сақталды.

    Өңірлер арасында азық-түлік бағасы ең көп арзандаған қала — Талдықорған. Мұнда көрсеткіш 0,7 пайызға төмендеді. Ал Астанада баға 0,2 пайызға арзандаған.

    Картоптың орташа бағасы келісіне 259 теңге болса, ең арзан картоп Павлодарда сатылуда. Сүйекті сиыр етінің орташа бағасы 3779 теңге болса, тауық еті 1736 теңгеге бағаланып отыр.

    Қазақстанда азық-түлік бағасы арзандады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.