jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифтері қайта қаралмақ

    Жарық
    Жарық. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Қазақстанда энергия өндіруші ұйымдардың өтініштеріне байланысты олар үшін белгіленген шекті тарифтер қайта қаралмақ. Толығырақ KAZ. NUR.KZ материалынан оқыңыз.

    "Ашық НҚА" порталында Қазақстан энергетика министрінің "Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" бұйрық жобасы жарияланды.

    Құжатта көрсетілгендей, бұйрықты әзірлеуге 60 энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіру бойынша шекті тарифті түзету туралы өтініштері негіз болды.

    "Елде тұрақты энергиямен жабдықтауды және генерациялаушы қуаттарды жоспарлы түрде жаңғыртуды қамтамасыз ету мақсатында 60 энергия өндіруші ұйым (ЭӨҰ) үшін шекті тарифтерді қайта қарау жүргізілді. Шешім жөндеу науқандарын уақтылы өткізу, сондай-ақ жабдықтардың сенімділігін жаңарту мен ұстап тұру бойынша ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті қаржылық жағдайларды жасауға бағытталған, – делінген жобаның қысқаша мазмұнында.

    Алайда шекті тарифтердің нақты қаншаға өзгеретіні және бұл қай өңірлерге әсер ететіні нақтыланбаған.

    Құжат 2026 жылдың 6 қыркүйегіне дейін көпшіліктің талқылауында болады. Егер ол қабылданса, энергия өндіруші ұйымдар үшін тарифтерді өзгерту мерзімі биылғы жылдың 10 қыркүйегі деп көрсетілген.

    Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифтері қайта қаралмақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram