"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ электр энергиясына шекті бағаның көтерілгені туралы хабарлады
Жарияланған күні:

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ электр энергиясын бөлшек саудада өткізуге шекті бағаның көтерілгені туралы хабарлады.
"Құрметті тұтынушылар, "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ филиалы - "Энергосбыт" 2026 жылғы 12 қыркүйектен бастап электр энергиясын бөлшек саудада өткізуге шекті бағаның 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 39,30 теңге деңгейіне дейін (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 45,59 теңге) көтерілгені туралы хабарлайды", - делінген компания хабарламасында.
"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ филиалы - "Энергосбыт" 2026 жылғы 12 қыркүйектен бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшін тарифтердің өзгеру себептеріне тоқталды.
Бұл:
2026 жылғы 15 шілдеден бастап "ЖЭК қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" ЖШС Бірыңғай сатып алушысынан электр энергиясын сатып алу бағасының 13 теңге/кВтсағаттан 16 теңге/кВтсағатқа дейін, 23 пайызға өсуіне ("Атаулы қолдау алушылардың тізімін бекіту туралы" ҚР ҰЭМ 29.12.2025 жылғы № 313 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" ҚР ҰЭМ 10.07.2026 жылғы № 167 бұйрығымен бекітілген) байланысты.
Тұтынушылар топтары бойынша:
- 1-топ: электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және көрсетілетін қызметтерді ұсынумен байланысты емес, өздерінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 32,69 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 37,92 теңге);
- 2-топ: электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктері үшін пайдаланбайтын тұтынушылар – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 43,13 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 50,03 теңге);
- 3-топ: мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды қоспағанда, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық инвестициялық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық инвестициялық холдинг, ұлттық компаниялар мен ұйымдар – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 43,43 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 50,38 теңге);
- 4-топ: арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумағында орналасқан тұтынушылар, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдары және оның ведомстволары, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 39,30 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 45,59 теңге).
Электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждарға пайдаланатын жеке тұлғалар мен тұтынушылар үшін пәтерде/үйде тұрақты тұратын, электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын әрбір адамға электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай сараланған тариф:
- 1 деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 29,55 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 34,28 теңге);
- 2 деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 39,23 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 45,51 теңге);
- 3 деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 49,04 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 56,89 теңге).
Электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұтынушылардың тарифтік жоспарын таңдауы әлі де тиісті өтініш беру арқылы өздігінен жүзеге асырылады.
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылының тұтынушылары үшін тұтынылған электр энергиясы бойынша есеп айырысуларға электр энергиясын сату қызметтерінің тарифі – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 19,89 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 23,07 теңге) тұтынушылардың барлық тобы үшін.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2424189-alatau-zharyq-kompaniiasy-aq-elektr-energiiasyna-shekti-baganyng-koterilgeni-turaly-habarlady/
