Қазақстанда коммуналдық қызметтер қаншалықты қымбаттады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Тамызда Қазақстанда газ бір айдың ішінде орта есеппен 30 пайызға жуық өсті. Өзге коммуналдық қызметтердің бағасы 1 пайыз шамасында ғана көтерілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстанда тамыз қорытындысы бойынша жылдық инфляция 9,8 пайызға дейін төмендеді. Бұл – соңғы 18 айдағы ең төменгі көрсеткіш. Дегенмен көптеген тауар мен қызмет былтырғыға қарағанда қымбат тұрады.
Атап айтқанда, тамызда тарату желілері арқылы тасымалданатын газдың күрт өскені байқалды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тарифтер бір айдың ішінде бірден 29,5 пайыз қымбаттады.
Жыл басынан бері баға 34,9 пайыз өсті. Қазір газ былтырғыдан 20 пайыз қымбат.
Айта кетерлігі, басқа коммуналдық қызметтер бағасы бір ай ішінде айтарлықтай өзгерген жоқ. Ыстық су 1 пайыз, электр энергиясы 0,9 пайыз, суық су 0,5 пайыз қымбаттады. Тұрғын үйді күтіп ұстау тарифтері 0,6 пайыз өсті.
Сонымен қатар су бұру қызметі бір айда 0,1 пайыз арзандады. Ал жылу және қоқыс шығару тарифтері өзгеріссіз қалды.
Жылдық көрсеткіш бойынша жағдай мынадай:
суық су: -40,9 пайыз;
орталықтандырылған жылу: +0,1 пайыз;
қоқыс шығару: +0,7 пайыз;
су бұру: +1,5 пайыз;
ыстық су: +3,6 пайыз;
электр энергиясы: +4,0 пайыз;
тұрғын үйді күтіп ұстау және қызмет көрсету: +5,6 пайыз;
газ: +20,0 пайыз.
Осылайша, барлық коммуналдық қызмет ішінде тек газ бағасы бір айда және бір жылда айтарлықтай өсті. Ал қалған коммуналдық қызметтердің бағасы қалыпты деңгейде қымбаттап жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2425057-qazaqstanda-kommunaldyq-qyzmetter-qanshalyqty-qymbattady/
