jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда диқандар астықты Қытайға тікелей сата алады

    Астық
    Астық. Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

    Бұған дейін отандық астық экспорттаушылар сатып алушыға делдал арқылы шығып, қосымша құн төлеп жүрсе, енді өнімдер Қытайға еш кедергісіз саудаланатын болады, деп хабарлайды "Хабар" Агенттігі.

    Қазақстан мен Қытай арасында астық саудалауға арналған электронды платформа іске қосылды. Онда сауда-саттық онлайн жасалады. 35 қазақстандық агрокомпания осы цифрлық алаңға тіркеліп үлгерді. 24 мың тонна зығыр жеткізу туралы келісім де жасалды.

    Тіпті 2027 жылдың өніміне алдын ала тапсырыс беріп жатқандар да бар. Қазір екі мың тонна соя мен мың тонна рапсқа онлайн тапсырыс түсті.

    "Бұл платформада Қытайдың 50 мыңдай ауыл шаруашылығы кәсіпорны тіркелді. 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп тұр. Бұл Қытай нарығына агроэкспортты арттыруға қосымша мүмкіндік, Қазақстан қытайлық серіктестерімен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырып, екі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты одан әрі жалғастыруды қолдады", - дейді Қазақстан Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова.

    Қазақстанда диқандар астықты Қытайға тікелей сата алады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram