Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қашан қаралады: мерзімі айтылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Құрылтай кулуарында журналистер ұлттық экономика вице-министрі мен депутат Татьяна Савельевадан Қазақстанда ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) көтеру мәселесі қашан қаралатынын сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Есеп-қисабы бар. Бұл талқыланады. Біз мәселені Құрылтайда талқылаймыз. Бірінші оқылым шамамен қазанда өтеді", - деді ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин.
Депутат Татьяна Савельева аталған мәселе бойынша бірінші оқылым 14 қазанда өтетінін хабарлады.
"Бірінші оқылымға дейін біз шығыс, бюджет және тапшылықтың басқа да негізгі параметрлерін қарастырамыз, ал 14 қазаннан кейін салыстырмалы кестені талқылауға кірісеміз. Депутаттар ЕТЖ бойынша бұл мәселені көтеріп жатыр. Біз оны 14 қазаннан кейін талқылаймыз", - деп жауап берді депутат.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2429076-qazaqstanda-eng-tomengi-zhalaqyny-koteru-maselesi-qashan-qaralady-merzimi-aityldy/
