"Қазақстан азаматтары алаңдамаса болады": Жұманғарин еліміздің мемлекеттік қарызы туралы пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Құрылтайдағы брифингте Қазақстан неліктен сырттан жиі қарыз ала бастағанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанның мемлекеттік қарызына қатысты пікір білдірді.
"Өзіңізді дамытуға мүмкіндік беретін белгілі бір капиталы бар адам, компания немесе ел деп елестетіп көріңіз. Сіз оны пайдалана аласыз, бірақ бұл жағдайда тек сол капитал аясында ғана дамисыз.
Немесе тәуекелдерді ескере отырып, мұқият есептеу арқылы қарыз тарта аласыз. Қосымша қаражаттың есебінен дамуыңыз тезірек жүреді. Сондықтан халықаралық қаржы операциялары арқылы қарыз тарту – орынды әрі дұрыс шешім. Елдің дамуы әлдеқайда жылдам жүреді", - деп есептейді ол.
Ұлттық экономика министрінің сөзінше, 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 20,9 пайызын құрайды.
"Үкіметтің қарызы ЖІӨ-нің небәрі 20 пайызын құрайды. Біз қарызы төмен елдер қатарына жатамыз. ЖІӨ-ге шаққандағы қарызы 100 пайыз, тіпті 200 пайыздан асатын елдер бар. Біз қанша қарыз алатынымызды, қалай алатынымызды және кімнен алатынымызды өте мұқият қадағалап отырмыз.
Қарыздың басым бөлігі – шамамен 75 пайызы – ішкі қарыз. Біз оны ішкі нарықтан аламыз. Бізде Ұлттық қор сияқты жеткілікті көлемдегі буферлік капитал бар. Бұл тұрғыда Қазақстан азаматтары алаңдамаса болады", - деп түйіндеді ол сөзін.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2431959-qazaqstan-azamattary-alangdamasa-bolady-zhumangarin-elimizding-memlekettik-qaryzy-turaly-pikir-bildirdi/
