jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Елімізде "көлеңкелі экономикадан" шығып салық төлей бастаған кәсіпкерлер саны артты

    ақша есептеп отырған адам
    Ақша есептеп отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Елімізде кәсіпкерлік қызмет оң динамиканы сақтауда. Бизнес субъектілерінің саны үштен бірге артты. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Серік Жұманғариннің сөзінше, ол өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ескергенде кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 32,5 пайыз артып, 3,2 млн-ға жеткен. Жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін кәсіпкерлердің – қосымша құн салығын төлеушілердің саны 28 пайыз өсті.

    Азаматтардың көлеңкелі экономикадан шығуы үшін жағдайлар жасалды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режимінде 981 мың адам тіркелді, олардың 807 мыңы алғаш рет салық есебіне тұрды.

    "2026 жылғы тоғыз айда 277 мың жаңа кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде 34,7 мың заңды тұлға және 242,3 мың жеке кәсіпкер. Осы кезеңде 19,7 мың заңды тұлға және 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды. Бұл ретте жеке кәсіпкерді тіркеуді тоқтату экономикалық қызметтің іс жүзінде тоқтауын білдірмейді. Жабылған 356 мың жеке кәсіпкердің 42,6 пайызы 2025 жылы табыс таппаған, ал 20,8 пайызы өз қызметін жалғастыра отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне көшкен", - деп атап өтті вице-премьер.

    Елімізде "көлеңкелі экономикадан" шығып салық төлей бастаған кәсіпкерлер саны артты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram