jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстан Азия даму банкінен 227,4 млрд теңге қарыз алады

    Ақша
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстан Азия даму банкінен 3,4 млрд қытай юані (227,4 млрд теңге) көлемінде қарыз алады. Қарызды өтеу мерзімі – 15 жыл, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Құрылтайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Құрылтай "Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Қаржылық басқару және қаржы секторын реформалау бағдарламасы – 2-шағын бағдарлама) ратификациялау туралы" заңды екі оқылымда қабылдады. Келісімге 2026 жылғы 11 қыркүйекте қол қойылған.

    Келісім аясында Азия даму банкінен 3,4 млрд қытай юані (227,4 млрд теңге) көлемінде қарыз тарту көзделген. Қарызды өтеу мерзімі – 15 жыл, оның ішінде алғашқы үш жыл жеңілдік кезеңі болып саналады. Пайыздық мөлшерлемесі – 1,69%, ал игерілмеген қаражат үшін жылдық 0,15% көлемінде комиссия төленеді.

    Қарыз қаражаты ең алдымен әлеуметтік сала, көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіп, білім беру және басқа да басым бағыттардағы шығындарды қаржыландыруға жұмсалады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram