jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда 1 қаңтардан бастап кімдер декларация тапсыруы керек

    Көрнекі фото
    Көрнекі фото: pexels.com

    2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау тәртібі күшіне енеді деп хабарлайды Қазақпарат.

    Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жалпыға бірдей декларациялау басқармасының басшысы Дина Құсайынова алғашқы кезеңде кімдер декларация тапсыруы керектігін түсіндірді.

    Оның сөзінше, жалпыға бірдей декларацияның басты мақсаты – көлеңкелі экономикамен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралды қалыптастыру әрі ел бюджетін толықтыру.

    "Жалпыға бірдей декларациялауға елдің әрбір азаматының өмірін жақсартудың көптеген мүмкіндігі кіреді. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап біздің бәріміз жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне енеміз. Алғашқы кезеңде оған мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген жұбайлары кіреді", - деді Құсайынова.

    Ол мемлекеттік қызметкерлерде бұрын көрсетпеген белгілі бір активтер бар екенін атап өтті. Оған дебиторлық берешек, құнды мүлік, инвестициялық алтын, мүлік, авторлық құқық, қолма-қол ақша да кіреді, дейді Құсайынова.

    Ведомство басшысының сөзінше, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны тапсыруға міндетті адам 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша барлық активі мен міндеттемелерін көрсетуі тиіс.

    "Декларацияны нақты кім тапсырады? 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын адамдар және олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар және олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары тапсырады.

    Одан бөлек, бұл санатқа Конституциялық заңға, Қазақстан Республикасының сайлау туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Қазақстанның банктері және банктік қызметі туралы, сақтандыру қызметі туралы заңдарға сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар да кіреді", - деді Құсайынова.

    Қазақстанда 1 қаңтардан бастап кімдер декларация тапсыруы керек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.