jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    1 қаңтардан бастап елімізде жеке және жүргізуші куәлігін алу қанша теңге тұрады

    Жеке куәлік
    Фото: Sputnik / Владислав Воднев

    Жаңа жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 3 063 теңгеге дейін өседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, айлық есептiк көрсеткiш жәрдемақы және басқа да әлеуметтiк төлем, сондай-ақ айыппұл, салық және өзге де төлемдердi есептеу үшiн қолданылады.

    • Паспорт алу үшін төленетін мемлекеттік баж салығы - 8 АЕК немесе 24 504.
    • Жеке куәлік - 0,2 АЕК немесе 613 теңге.
    • Жүргізуші куәлігін алу үшін төленетін мемлекеттік баж салығы - 1,25 АЕК немесе 3 828 теңге.
    • Ттуу туралы куәлік алу ақша төлеудің қажеті жоқ. Себебі бұл куәлік тегін беріледі. Алайда акт жазбасына өзгерту, толықтыру, түзету енгізу немесе оны қалпына келтіру үшін 0,5 АЕК, яғни 1 532 теңге төлеу қажет.
    • Неке тіркеу үшін жас жұбайлар 1 АЕК немесе 3 063 теңге төлейді. Ал неке қию туралы куәлікті екінші рет алу үшін 0,5 АЕК, яғни 1 532 теңге қарастырылған.
    • Ажырасуға арыз беру кезінде төленетін мемлекеттік баж салығының мөлшері – 2 АЕК немесе 6 126 теңге.

    Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі қандай?

    • Ең төменгі жалақы мөлшері - 60 000 теңге.
    • Ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері – 19 450 теңге.
    • Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 46 302 теңге.

    Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қажет ең төменгі күнкөріс деңгейі 2022 жылы 36 018 теңге мөлшерінде болады.

    1 қаңтардан бастап елімізде жеке және жүргізуші куәлігін алу қанша теңге тұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram